Русский Сайттың толық нұсқасы

Көне Сарайшық қаласының қорғандарын Жайық суы шайып үгітіп жатыр

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2014
  • 1688

Қазақ хандығының бас қаласы болған Сарайшық қаласын білмейтіндер кем де кем. Х-XІV ғасырларда есімі айшылық алыс жерге жайылған өркениетті қалаға Арабтың белгілі саяхатшысы Ибн Батута 1334 жылы келгенінде: «Мен дүние жүзінің бәрін араладым. Сарайшық Бағдаттан кейінгі ең ірі қала екен», - деген. Ақсақ Темір қиратуға қимаған осы әсем қаланы орыс патшасы Иван Грозный жермен жексен еткен.

Алайда жуық арада қалған қорғандардан да айырылып қалуымыз мүмкін. Көне қаланы жыл сайын Жайық суы шайып үгітіп жатыр. Осы уақытқа дейін мұнайлы өлке - Атыраудан - өзен жағасын бекітуге бір тиын да бөлінбей келді.

Молдаш Бердімұратов, «Хан ордалы Сарайшық» мұражай-қорығының директоры:

Жайықтың арнасының өзгеруіне байланысты 5,10 метрлеп құлап келе жатыр, оны көтергенімізге 10 жылға жуықтады. Бірақ келер жылы, келер жылы деумен келе жатыр.

"Биыл ақша анық бөлінеді", - деп сендіреді облыс әкімдігі. Айырылып қалуымыз мүмкін мәдени мұра туралы ертең 20.30 «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасынан білесіздер.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ