Русский Сайттың толық нұсқасы

Рудныйда қызды алып кеткен адамның фотороботы жарияланды

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2014
  • 1645

Қостанай облысының тәртіп сақшылары 7 жастағы Викторияны ұрлап кетті деген күдіктінінің фотосұлбасын құрастырды. Қазір оны қала көшелеріне ілуде.

Ақпарға сәйкес, кішкентай қыздың жоғалуына 30-35 жастағы, қара күрте, көк шалбар киген еуропа нәсілді еркектің қатысы болуы мүмкін. Викториямен бірге ойнаған балалардың суреттеуі осындай.

Айта кетейік, Рудный қаласында үш күн бұрын жоғалып кеткен 7 жастағы қыз әлі табылмады. Виктория Ганяны іздестіру шаралары жалғасуда.

Еріктілер жасағы мен полицейлер, әскери бөлім сарбаздары және қала тұрғындары қаршадай қызды табуға жаппай жұмылдырылды. Іздестіру шарасына қатысушылардың саны қазір үш мың адамнан асты. Рудный төңірегін түгел шарлап шыққан олар енді Лисаков пен Қостанай қаласы маңындағы ауылдарға жетті.

Сонымен қатар, арнайы бекеттер құрылып кеншілер қаласына келген-кеткен көліктер түгел тексеріліп жатыр. Бірақ бірінші сынып оқушысынан әзірге хабар болмай тұр.

Заңғар САНАЙ