Русский Сайттың толық нұсқасы

«Алматы-Атырау» бағытындағы пойызының рельстерден шығып кету себебі белгілі болды

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2014
  • 998

Атырау облысында темір жолды жөндеу жұмыстары регламентке сай жүргізілмеген. «Алматы-Атырау» бағытындағы пойызының рельстерден шығып кетуіне осы жағдай себеп болды. Апаттың алдын ала болжамын Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев орталық коммуникациялыр қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында хабарлады.

Алайда бұл тек алдын ала жасалған болжам. Арнайы құрылған комиссия апаттың себебін әлі саралап жатыр. Бүгінде қылмыстық іс қозғалғаны белгілі. Және оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қызметтерінен босатылған.

Еске салайық, апат 19-сәуірде кешқұрым Атырау облысында болды. «Алматы-Атырау» бағытындағы жолаушылар пойызының 13 вагоны рельстен шығып, жетеуі аударылып қалды. Поезда 586 жолаушы мен 26 жолсерік болған. Адам шығыны тіркелмеді.

Әсет Асаубаев, Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің төрағасы:

Cол жолды жөндеу жұмыстары тиісті талаптарды сақтамай жасаған. Сондай болжам бар. Оны қазір тексеріп жатыр. Сонымен қатар
, жаңа айтқаным ол вагондарды Атырауға апарып тиісті вагонның детальдарын тексеріліп жатыр. Тиісті сынақтан өткізіп жатыр.

Әсет Асаубаев «Жол картасының» орындалу аясында атқарылып жатқан шараларға да тоқталды.

Атап айтқанда, министрлік отандық тауарлардың экспортын әртараптандырып, елдің транзиттік әлеуетін нығайту мақсатында оңтүстік, батыс және шығыс бағыттарында жаңа көліктік логистикалық маршруттарды ашпақ. Бұл ретте Ақтау теңіз портының мүмкіндігін арттыру көзделген.

Әсет Асаубаев, Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің төрағасы:

Министрлікпен 2014 жылғы 1 шілдеге дейін Ақтау теңіз портының қуатын кеңейту үшін үш құрғақ жүк терминалының құрылысын бастау қамтамасыз етіледі. Жүктерді батыс бағытта және ақтау теңіз порты арқылы қысқа жолмен шығуын қамтамасыз ету үшін құрылыс жалғасатын болады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ