Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейде автокөліктердің мемлекеттік нөмірін ұрлағандарға жаза қатаңдатылды

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2014
  • 713

Ресейде көлік нөмірін ұрлаған адам айып абақтысына қамалмақ, не кем дегенде 200 мың рубль көлемінде айыппұл салынады. Қаскөйлерге сондай-ақ, 360 сағат қоғамдық жұмыстар атқару жазасы тағайындалады. Ал қылмысқа бірлескен топ араласқан болса, олар тіпті 4 жылға дейін бас бостандығынан айрылмақ. Жаңа заң жобасын ресейлік Дума қабылдады.

Көршілес елдің ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы бір жарым жылда 14 мың көлік нөмерін ұрлау фактісі тіркелген. Алаяқтар алдымен нөмірді ұрлап, кейін өтемақы талап ететін көрінеді. Өтемақы сомасы кейде 4 мың рубльден асады. Жаңа заң күзде күшіне мінеді.

Жұрағат БАМАН