Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматының студенттері арасында айтыс өтті

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2014
  • 1183

Алматыда Сүлейман Демирел атындағы халықаралық университетінде студенттер айтысы өтті.

Айтысқа еліміздің әр өңірінен келген студенттермен қоса Түркия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия республикаларының да суырып салма жас ақындары қатысты. Түркі халықтарының бірлігін ту еткен ақындар жырына бүгінгі білім беру жүйесі, Тәуелсіздік тарихы мен ұлттар бірлігі арқау болды.

Ұлан Еркінбаев
, филология ғылымдарының кандидаты, доцент:

Бұл айтыстың бірден-бір ерекшелігі - түркі халықтарының ынтымағын және өзіміздің бабалардан келе жатқан білім беру жүйесін бұрынғы мұсылмандар білім беру жүйесін, жыраулар мектебі білім беру жүйесін сөз ете отырып, қазіргі жастарды осы сөздің қадірін білуге тәрбиелеу, насихаттау.

Ақындарға Асанәлі Әшімов, Жүрсін Ерман, Тыныбек Қоңыратбаев сынды мүйізі қарағайдай ағаларымыз төрелік етті.

Айта кетейік, осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған сөз сайысы «Мәдениеттер тоғысындағы тіл, әдебиет, аударма және журналистика мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өтті.

Уильям Фиерман
, Индиана университетінің профессоры (АҚШ):

Конференция өте жақсы. Конференция халықаралық қатынастарды дамыту үшін пайдалы болады. Және жаңа азаматтармен кездесу үшін мүмкіндік береді, осы конференцияға қатысқаныма ризамын.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ