Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тың Оклахома штатында тұрған дүлей дауыл тұрғын үйлерді қиратты

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2014
  • 873

АҚШ-тың Арканзас, Оклахома штаттарын алапат құйын соғып өтті. Салдарынан 12 адам қаза тапты. Бұл жайында АҚШ басылымдары Ұлттық метерологиялық қызметке сілтеме жасап хабарлады.

Тағы 6 адам ауыр дене жарақаттарын алып, жедел ауруханаға жеткізілді.

Белгілі болғандай, жазым болғандардың 8-і - Арканзас штатының тұрғындары. Құйын мыңдаған үйлер мен автокөліктерді қиратып, электр желісін үзді. Әзірге шығын мөлшерін есептеу мүмкін емес. Солтүстік Каролина штатына да жеткен табиғи апаттан 15 адам зардап шекті. 140 ғимарат жермен жексен болды. Құйын Канзаз, Миссури, Миссисипи, Небраска, Айова, Арканзас, Оклахома, Техас, Луизиана штаттарына да жайылуы мүмкін деген болжам бар.