Русский Сайттың толық нұсқасы

«Протон-М» апатынан Қазақстанға зиян келмеді

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2014
  • 1510

Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттігі «Экспресс-АМ4Р» ресейлік байланыс спутнигін тасымалдаушы «Протон-М» зымыранының апатына қатысты пікір білдірді.

«Қазғарыш»-тың ресми мәліметінше, апаттан Қазақстан экологиясы еш зиян шекпейді. Зымыран-тасығыш «Байқоңыр» ғарыш айлағынан сәтті ұшырылып, Қазақстан аумағынан асқан сәтте апатқа ұшырады. "Зымыран мен ғарыш аппаратының бөлшектері жерге жеткен күннің өзінде, біздің территорияға түспейді", - дейді агенттіктің ресми өкілі.

Ербол Дәулетов, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің ресми өкілі:

Бұл өте жоғары биіктікте болды, 150-дей шақырым биіктікте болған. Міне сол себепті де ол жерде атмосфераға кіріп келе жатқан қалдықтары ракетаның жанып кететін болғандықтан, Қазақстанның экологиясына ешқандай да зиян тиген жоқ деп біз ресми түрде айта аламыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ