Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне дайындық үстінде

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2014
  • 1084

Қазақстан халқының бірлігі күні - еліміздің басты мерекелерінің бірі. Қазақстан халқы ассамблеясы мен Астана қаласының әкімдігі осы мерекеге қызу дайындық үстінде. Қалада думанды тоймен қатар игі істер атқарылмақ. Мерекелік шаралар 3 бағытта өтеді. Жалғыз басты зейнеткерлерге материалдық көмек көрсетілсе, бірнеше сауда орындарында жеңілдіктер жарияланады. Ал мәдени шараларға отандық және шетелдік эстрада жұлдыздары қатысады.

"Қазақ елі" монументі жанында 3 сахна құрылып, Қазақстан халқының татулығының белгісі ретінде түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен "Құрақ көрпе құрау" театрландырылған қойылымын өткізу жоспарда бар. 40 этноауылдарда халық түрлі ұлттардың мәдениетімен, дәстүрімен танысады.

Болат Тілепов, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының бастығы:

Биылғы жылы негізінен мерекелік алаңдар 2 күн жұмыс істейтін болады. Бұл 1 мамырда "Қазақ елі" монументі алаңында ауқымды театрландырылған қойылым, осындай іс-шара екінші күні қалалық алаңда да өтетін болады. Бұл күнді жалпы концерттік бағдарламалар аясында жалпы халықтық серуендеу форматында өткізу жоспарлануда.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ