Балалардың «Аялаған Астана» ұлттық телевизиялық музыкалық байқауының
іріктеу туры аяқталды. Алайда жас таланттардың көп болғаны соншалық,
ұйымдастырушылар 10 мамырда Астана мен Алматыда қосымша тыңдалым өткізуді
ұйғарды.
Байқауға республика бойынша 8 бен 12 жас аралығындағы мыңнан астам бала
қатысты. Оның қортындысы Астана күнімен тұспа тұс келмек. Жартылай финалға
өткен өнерпаздар бір ай бойы Астана қаласында ресейлік және қазақстандық вокал
тәлімгерлерінен сабақ алып, өз қабілеттерін шыңдай түспек. Ал жүлдегер
Қазақстан атынан «Новая волна» байқауында өнер көрсетуге жолдама алады.
Нұрлан Албан, «Аялаған Астана» жобасының тәлімгері:
«Аялаған Астана» байқауының мықтылығы сол, бұл тек қана Қазақстанның ішінде
ғана өтіп қоймай, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып шығатын, болашақта біздің
еліміздің ән өнерін саф алтындай сақтайтын әдемі өнерпаздарды іріктеу сыны - бұл
халық аралық деңгейге алып шығу.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА