Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу Мемлекеттік университетінде дәріс оқыды

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2014
  • 995

Еуразиялық экономикалық одақ тең құқылық принципі негізінде құрылуы тиіс. Ол 2050 жылға қарай әлемдегі интеграциялық ұйымдардың үздік үштігіне енуі керек. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік Университетінде дәріс оқыған Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

"Еуразиялық экономикалық одақты құратын кез жетті. Ол әр мемлекеттің жеке мүддесін ескере отырып, еріктілік, теңдік, ортақ пайда принципі негізінде құрылуы қажет", - деді Қазақстан Президенті. Осындай жағдайда ғана 2030 жылға қарай одаққа мүше елдердің жалпы ішкі өнімі 900 миллиардқа жететінін атап өтті.

Сондай-ақ Мәскеу төрінде Мемлекет басшысы Кеңес одағының қайта тірілуі мүмкін еместігін шегелеп айтты. Оның басты себептерін жіліктеп берді. "Біріншіден, бүгінде кеңестік үлгідей институционалдық база жоқ. Ол тарихтың қойнауына кетті. Екіншіден, посткеңестік елдер өз ерекшеліктері мен дәстүрлеріне негізделген мығым мемлекет құрып үлгерді. Үшіншіден, қазіргі меншік жүйесі, әлеуметтік құрылым мен қоғамның экономикалық ахуалы кеңестік ескіліктен ертеде озып кеткен", - деді өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ