Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайлық полицейлер жоғалған қызға қатысты тергеуге пайдалы ақпарат үшін 1 млн теңге сыйақы береді

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2014
  • 1106

Қостанайлық полицейлер жоғалған жеті жасар қыз туралы қандай да бір мәлімет бергендерге миллион теңге сыйақы төлеуге әзір. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті ақпарат таратты.

Виктория Ганя 24-ші сәуірде Рудный қаласында өз үйінің ауласында ойнап жүрген жерінен жоғалып кетті. Іздестіру шаралары жалғасуда. Ішкі істер басқармасы еріктілерге іздеу шараларын полициямен келісе отырып, жүргізуге өтініш білдіріп отыр.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ