Русский Сайттың толық нұсқасы

Мысырда 683 адам өлім жазасына кесілді

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2014
  • 1340

Мысырда 683 адам өлім жазасына кесілді. Барлығы «Мұсылман бауырлар» қозғалысының мүшелері. Күні бұрын сот процесі аяқталған. Жазаға кесілгендер қатарында қозғалыс жетекшісі Мохаммед Бади да бар.

Сот отырысы өткен Минья қаласында ғимаратты айыпталушылардың туған-туыстары қоршап алып, шу шығарды. Ал билік мұздай қаруланған әскерді әзірлеп қойған. Қамаудағы жігіттердің бірінің анасы ұлын кінәсіз деп шыр-пыр болуда.

Айтуынша, полицейлер әй-шайға қарамастан, ұлын ұйықтап жатқан жерінен алып кеткен. Сол сияқты жүздеген адам полицияға шабуыл жасап, өлтіргені үшін айыпталып отыр. Адвокаттар болса, сотта сөз сөйлеуге мұрша бермегенін айтуда. Сондай-ақ, сот барысында 24-ші наурызда шыққан үкім қайта қаралды.

Өлім жазасына кесілген Мохаммед Мурсидің 529 жақтасына қатысты жаза, өмір бойына бас бостандығынан айыруға өзгертілді.

Еске салайық, Египетте биліктен қуылған Мохамед Мурси қарақшылық жасап, «Мұсылман бауырлармен» ымыраласқаны үшін айыпталып отыр.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ