Русский Сайттың толық нұсқасы

Интеграциялық процестер өңірлердің дамуына қалай ықпал етпек?

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2014
  • 3957

Қазақстан мен Ресей арасында жалпы құны 32 млрд доллар болатын 40 шақты ірі инвестициялық жобалар дайындалып жатыр. Еуразиялық экономикалық одақ Кедендік одаққа мүше елдерге қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өңірлік даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

2013 жылы Кедендік одаққа мүше елдердің арасында тауар айналымы 24 млрд доллардан асып жығылды.

Тәжірибе көрсеткендей, Қазақстанның аумағында салмақты инвестициялар тартылып жатыр. Вице-министрдің айтуынша, интеграциялық процестердің басты себебі - Ресей, Беларусь пен Қазақстанның ішкі артықшылықтарына байланысты. Мұнан бөлек, Қазақстанда салықтық заңнамаға лайықты жағдай жасалған. Инвестициялық артықшылықтар, әлеуметтік-саяси тұрақтылық пен өзге де тиімді факторлар ел аумағында кәсіпкерліктің еркін қанат жаюына мүмкіндік беріп отыр, - дейді Өскенбаев.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Өңірлік даму бірінші вице-министрі:

Қазіргі таңда жасалатын жетілдіру талаптарына сай бірегейлендіру механизмінен өтіп, барлық техникалық реттеулер бірегей түрде өткізіледі. Үш елдің де кәсіпкерлік өкілдері осы мемлекеттер ішінде өздерін жайлы сезінуге мүмкіндік береді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА