Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде қазақша күрестен халықаралық жарыс өтті

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2014
  • 1475

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында қазақша күрестен халықаралық жарыс өтті. Байрақты бәсекеде белдескеннің белін үзетін, жауырыны жерге тимеген 43 палуан боз кілемнің шаңын қақты.

Әлемнің 10 мемлекетінен келген, қазақ күресінен Әлем және Азия чемпиондары атағы бар палуандар қазақтың төл өнерін тағы бір мәрте көкке көтерді. Ресей, Армения, Грузия, Моңғолия сынды елдерде қазақша күрестің жақсы қарқынымен дамып келе жатқандығына көпшілік турнир барысында көз жеткізді.

Бұл турнир осымен екінші жыл қатарынан Ырғызбай Досханұлының атына өткізіліп отыр. Жан алысып жан беріскен бәсекеде турнирдің өгіз палуаны - ШҚО-ның мықтысы Қуаныш Мұратов атанса, түйе палуан атағына Айбек Нұғымаров ие болды.

Қанат ОРАЛБЕК