Русский Сайттың толық нұсқасы

КХДР Оңтүстік Корея шекарасы маңында әскери жаттығу өткізеді

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2014
  • 2033

Солтүстік Кореяның шекара маңындағы әскери оқу-жаттығу атыстарын Оңтүстік Корея араға ылаң салу деп бағалайды. Оқыс оқиға орын алған жағдайда ел солтүстік көршісіне қатаң жауап қатуы мүмкін. Сеулдың қорғаныс министрлігі Пхеньянның әскери жаттығу жайындағы хабарламасына осылай жауап берді.

Солтүстік Корея оқу-жаттығуларын бүгін оңтүстік теңіз жағалауларында бастамақ. Дәл осындай іс-шараны олар наурыз айының соңында өткізген болатын. Мына кадрлар сол жаттығу барысында түсірілген бейнеден. КХДР-ің осы әрекеті мен соңғы уақыттағы ядролық нысандардағы белсенділігі екі ел арасындағы жағдайды ушықтырып отыр. Пхеньянның астыртын әрекеттері Сеулдың серіктес Вашингтонға көмектен үміттене қарауына әкеліп отыр. АҚШ басшысы Барак Обама Оңтүстік Кореяға соңғы сапарында өздерінің «серіктестерін» қорғауға күш аямайтынын қадап айтты.

Ким
Мин Сок, Оңтүстік Корея республикасының қорғаныс министрі:

Оңтүстік сулардағы атыс оқуларының өткізілуінің астарында араңдатушылық сипат бар. Егерде зымырандар солтүстікпен шектес шекара аумағына түссе, біз оны әдейі жасалған әрекет деп бағалаймыз. Бұл
жағдайда жауап қатаң болады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ