Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасының Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған лекциясы ғаламторда 8 млн пікір жинады

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2014
  • 1226

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті студенттеріне оқыған лекциясы ғаламтор кеңістігінде қызу талқыға түсіп, қолданушылар тарапынан 8 млн пікір жинапты.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде "Еуразиялық интеграция институты" мамандары хабарлады. Сонымен қатар олар Еуразиялық интеграция айналасында өріп жүрген түрлі әңгімелерге де өздерінің эксперттік пікірлерін білдірді. Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстанның тәуелсіздігін таласқа салмайды. "Керісінше елдің бизнесін бәсекеге қабілетті етіп, экспортын еселей түспек", - дейді сарапшылар.

Владимир Тельнов, Еуразиялық интеграция институтының экономикалық зерттеу бөлімінің меңгерушісі:

Қазір интеграция айналасында түрлі пікірлер айтылып жатыр. Егемендік не интеграция деген сынды. Егер де интеграция жолымен жүрсең, бостандығыңнан айырыласың дейді біреулер. Ал Назарбаев керісінше, егер осы бағытпен жүрсең, тәуелсіздігіңді бекіте түсесің деді. Себебі бәсекеге қабілет артады. Ал егер де бұл бағыттан бас тартсақ, әлемдік алыс-беріс процестерінен тыс қаламыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ