Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте қыз-келіншектер құран оқудан жарысты

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2014
  • 1367

Шымкентте қыз-келіншектер құран оқудан жарысты. Ерекше сайысқа Оңтүстік Қазақстан облысының аудан-ауылдарынан жүзге жуық әйел қатысты.

Құран оқудан жарысқа түскен сайысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмаған. Алты жастан бастап отыз жас аралығындағы әйел заты бас жүлдеден үмітті болды. Жалпы саны 40-қа жуық қыз-келіншек Құран аяттарын «мәнерлеп» оқудан бақ сынасты. Тағы алпысы Құранның парасын, яғни бір бөлімін толықтай жатқа айтудан өзара жарысты. Қазылар жағы дауыс ерекшелігі мен дұрыстығына мән берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат - отбасының ұйытқысы саналатын нәзік жандарды имандылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Иманды, намазхан қыз-келіншектеріміздің қатары артса, болашақ тәрбиесіне де оң ықпалы бар деген сенімде. Айта кетейік, мұндай игі шара аймақта осымен екінші мәрте өтіп отыр.

Бекайдар Әміре, Сейіткәрім-Қажы мешітінің бас имамы:

Алла жақсылықта жарысыңдар деген. Құран оқу бұл - ғибадат. Құран оқу бұл - жақсылық. Пайғамбарымыз құранның әр әрпінде он сауап бар деген. Және ер адам исламды қабылдаса, дін дарбазаға кеп тоқтайды. Әйел қабылдаса, дін үйге кіреді дейді. Енді бір қолында бесігін, бір қолында әлемді тербеткен ана дейді ғой. Сондықтан да жамиғатты түзеу үшін, әйел балалары түзу болу керек.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ