Русский Сайттың толық нұсқасы

Бағдадта 50-ге жуық адамның өмірі қиылған жоқын жарылыс орын алды

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2016
  • 1462

Бүгін Ирак астанасы Бағдадта да лаңкестік шабуыл тіркелді. Мұнда қаза тапқандар саны 50 адамға жетсе, 100-ге жуығы жараланған. Жергілікті «әл Арабия» арнасының хабарлауынша, жарылыс шииттер шоғырланған Мадинат-Садр ықшамауданындағы базарда болған. Бомба сондағы сұлулық салоны жанына қойылған көліктен шығыпты. Сондықтан көбіне әйелдер ажал құшқан. 


Қылмыстық әрекетті ДАИШ ланкестік ұйымы мойынына алды. Тек олардың көздегені базарды күзетіп жүрген шиит сарбаздары болыпты. Соңғы айларда Бағдадта лаңкестік әрекеттер тіптен жиілеп кетті. 

Құралай ПИОНЕР