Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлыбритания премьер-министрі елді Еуроодақ құрамынан шығару туралы референдумын өткізе алмаса, қызметінен кетеді

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2014
  • 1302

Ұлыбритания премьер-министрі елді Еуропалық одақ құрамынан шығару туралы референдум өткізе алмаса, қызметінен кететінін мәлімдеді. Дэвид Кэмерон Еуроодақтан шығу туралы референдум өтпесе, өз еркімен орнын босатпақ. Бұл ақпаратты британдық «Индепендент» басылымы таратты.

Консервативтік партия өкілдерімен телефон арқылы хабарласқан Кэмерон бұл іске байланысты көп ойланбайтынын жеткізді, - деп жазды басылым.

Еуроодақтан шығу туралы референдум, бұған дейінгі алдын ала жоспар бойынша, 2017 жылы өтуі тиіс еді. Әрине, егер 2015 жылы консерваторлар парламент сайлауында жеңіске жеткен күнде ғана.

Самат ҚАНАҒАТОВ