Русский Сайттың толық нұсқасы

Австралиялықтар алғашқы күннің тұтылуын бақылады

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2014
  • 976

Австралия тұрғындары биылғы алғашқы күн тұтылуын бақылады. Ерекше құбылыс бірнеше минутқа созылды. Астрономдар күннің осылайша тұтылуын сақиналы деп атайды.

Ай жерден үлкен қашықтықта орналасты, сондықтан, күнді толықтай жапқан жоқ. Осылайша, күнді басып өткен жер серігінің айналасында жарқыраған сақина пайда болды. Бұл сирек орын алатын құбылыс дейді мамандар. Астрономдар 2014 жылы 2 ай және 2 күн тұтылуы болады деп болжаған. Олар көктем мен күз айларында күтілуде.

Алайда, географиялық орналасуына байланысты Қазақстан жұрты олардың бірін де көре алмайды. Ондай мүмкіндік енді ағымдағы жылдың 23-қазанында АҚШ және Канада тұрғындары тиеді, дейді аспан бақылаушылары.