Русский Сайттың толық нұсқасы

КазЕОSat-1 алғашқы қазақстандық бақылаушы Жер серігі ұшырылды

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2014
  • 2688

Сәтті старт! Жерге қашықтан зонд жүргізетін алғашқы қазақстандық спутник ұшырылды. KazEOSat-1 спутнигі Астана уақытымен бүгін таңғы 7 сағат 35 минутта Француздық Гвиана аймағында орналасқан «Куру» ғарыш айлағынан аттандырылды.

Жерді қашықтықтан зондтау жүйесі Қазақстанға бақылау ақпараттарын жедел алуға мүмкінді береді. Ғарыштық деректерді қолдануға мүмкіндік беретін технология ауыл шаруашылығын, төтенше жағдайлар қызметін, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздікті, геодезия және картографияны дамытуда септігін тигізбек. Жер серігі 29 сәуірде ұшырылуы тиіс болған.

Алайда ауа райының қолайсыздығынан бір күнге шегерілді. KazEOSat-1 спутнигінің ұшырылу барысын онлайн-режимінде көруге мүмкіндік болды. Астанадағы «ҚазМедиа» орталығында ғарыш айлағымен байланыс орнатылды. Ал байланысқа шыққан Талғат Мұсабаев онлайн-конференцияға қатысушыларды және жалпы қазақстандықтарды сәтті бастамамен құттықтады.

Талғат Мұсабаев, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы:

Біз осы ұшырылуды және техниканы дайындаған адамдарға алғысымызды білдіреміз және қазақстандық мамандарды дайындауға қол ұшын берген француздық әріптестерімізге рахмет айтамыз. Сәттілік
тілейміз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ