Русский Сайттың толық нұсқасы

Еңбеккердің мүддесін қорғау кәсіподаққа жүктеледі

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2014
  • 991

Бүгін мәжілістің пленарлық отырысында «Кәсіптік одақтар туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасы еңбеккердің мүддесін қорғау және келіссөздер жүргізу құқығын кәсіподаққа бекітуді қарастырады.

«Кәсіподақтар қозғалысы республикалық деңгейіне әлеуметтік-еңбек қатынастары бойынша заң жобаларын мақұлдау, әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын болдырмау және алдын алу шараларын әзірлеу және мақұлдауды көздейді», - деді Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.