Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс әкімшілік жазаларға қатысты заң жобасын мақұлдады

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2014
  • 881

Айыппұлды еселеп арттыру жемқорлықты өршітуі мүмкін деген қайшы пікірлер бар. Ал депутат Мұхтар Тінекеев кезінде қауіпсіздік белдігін тағуға қатысты қалтадан қағу тәсілі тас жолдардағы адам өлімін еселеп азайтуға сеп болғанын атап өтті. 

Мұхтар Тінікеев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі: 

Я водитель. Мы все хотим жить, как в Европе. Но соблюдать законы, как в Европе, мы не хотим.

Бүгін Мәжіліс әкімшілік жазаларға қатысты заң жобасын мақұлдады. Кодексте азаматтардың қауіпсіздігіне баса мән берілген. Сапасыз құрылысты азайту үшін, қате жобалық сметалық құжаттарға айыппұл артады. Ендігіде ұшақ бортында жалпыға ортақ ережеге бағынбаған жолаушыға 5 АЕК мөлшерінде айппұл салынады. Кәсіпкерлерге кедергі келтірген шенеуніктер де қалтасынан қағылады. Алайда айыппұл арқалағандар борышын бір күн ішінде төлесе 50 пайыз, бір жеті ішінде құтылса, 30 пайыз жеңілдік қарастырылған. "Мұндай ынталандыру бүгінгідей қарыздың қордаланып қалуынан құтқарады", - дейді депутаттар. 

Нұрлан Жазылбеков, ҚР Параламенті Мәжілісінің депутаты "Ақ Жол" фракциясының мүшесі:

Бас прокуратурадан қағазын алдық, 37 миллиард теңге төленбеген айыппұл жатыр. Адамға тезірек төлегені жақсы болады ғой. Бір күнде, жеті күнде төлесе. Ал енді одан асып кетсе, жүз пайыз төлеуге мәжбүр болады. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ