Русский Сайттың толық нұсқасы

Валентина Матвиенко: «Восточный» және «Байқоңыр» бәсекелес емес

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2016
  • 1538

Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақтың бірлескен форумы күзде өткізілетін болды. Бұл туралы Президент Астанаға ресми сапармен келген Ресей Федерациясының Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесуінде айтты. Онда екі елдің өзара ынтымақтастығы, оның ішінде парламентаралық саладағы әрекеттерді нығайту мәселелері сөз етілді. Елбасы Матвиенконы екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Валентина Матвиенко Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевпен де кездесті. Ол «Восточный» ғарыш айлағы іске қосылғанымен, «Байқоңыр» ұмыт қалмайтынына сендірді. Жақында Ресей «Восточный» айлағынан алғаш рет зымыран тасығыш ұшырған еді.  


Валентина Матвиенко, РФ Федералдық жиналысы, Федерация кеңесінің төрайымы:

«Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалану бойынша Қазақстан мен Ресей қатынастары жаңа құқықтық негізде құрылуда. Біздер 2050 жылға дейін «Байқоңырды» жалға алу туралы келісімді бекіттік. Шынымен де, жаңа «Восточный» ғарыш айлағынан зымыран тасығыштың ұшырылуы Ресей үшін үлкен оқиға болды. Бұл біз үшін өте маңызды. Дегенмен де «Байқоңырды» пайдалану бойынша Қазақстанмен ынтымақтастықты тоқтатпайтынымыз анық.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА