Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Азия даму банкі басшылығымен кездесті

  • AstanaTV
  • 01 мамыр 2014
  • 1153

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Азия даму банкінің президенті Такехико Накаоны қабылдады.

Кездесуде инфрақұрылымдарды дамыту, еліміздегі қаржы-банк секторын одан әрі реформалау, шағын және орта бизнес кәсіпорындарына қажетті қолдау көрсету мәселелерін қамтыған ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Сондай-ақ, тараптар әлемдік қаржы жүйесін одан әрі дамыту жолдары туралы пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев қос тараптың ынтымақтастығы мемлекетіміздің мүддесіне толық сай келетінін және еліміздің экономикасын әртараптандыру үдерісіне банктің көрсеткен қолдауын Қазақстан жоғары бағалайтынын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев
, Қазақстан Республикасының Президенті:

Я приветствую Вас не только как председателя банка, но и как бывшего вице-министра Японии, и с Вашей страной у нас сейчас складываются очень хорошие сдвиги в сотрудничестве.
Мы знаем, что банк провел исследование «Азия 2050», реализуя Азиатский век и там Казахстан отмечен как один из государств, который будет развиваться в этом веке в Азии.

Азия даму банкінің президенті энергетика, индустрия, қаржы секторы, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік салаларын дамытуда қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Банк елімізде өз жұмысын бастағалы бері экономикаға жалпы сомасы 3,5 млрд доллар көлемінде қаржылай көмек көрсеткен.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ