Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавл ақсақалдары жас ұрпақтың тәрбиесін қолға алды

  • AstanaTV
  • 01 мамыр 2014
  • 1162

Солтүстік Қазақстан облысы ақсақалдары жас ұрпақтың тәрбиесін қолға алды. Петропавлда алғаш рет «Қариялар мектебі» ашылып, олар салт-дәстүрді жаңғыртуды мақсат етеді.

Наурыз айынан бастап жұмыс істеп келе жатқан бұл жоба, жас ұрпақты отансүйгіштікке, тілі мен дінін құрметтеуге, салт-дәстүрді сақтауға тәрбиелейді. Игі бастамаға жергілікті зиялы қауым өкілдері ұйытқы болған. Әсіресе, білек сыбана кіріскен 17 қария арнайы жоспар құрып қойған. Олар қаладағы барлық қазақ мектептерінде бас-аяғы 20 тақырып бойынша сабақ беруді бастап кетті.

Атты ерттеуге жасөспірімдерді баулыған сабаққа аймақтағы тілшіміз де қатысып қайтты. Қариялар мектебінің мүшелері ендігі оқу жылынан бастап аудандарға шығуды жоспарлап отыр. Бұл мақсатқа облыс қазынасынан арнайы қаражат та қарастырылып қойыпты.

Айдарбек Шәрімов
, мектеп оқушысы:

Мен осында келгеніме өте қуаныштымын. Мен оның алдында атты жегуді кішкене білгенмін. Осында енді қарт аталар келіп көрсетіп, үйреткеннен кейін енді өте жақсылап білетін боламын.

Аманжол Нұртаев, Солтүстік Қазақстан облыстық Ардагерлер кеңесі тұрақты комиссияның төрағасы:

Осы күнге дейін 27 сабақ өтілді. Жоспар - біз енді май айында оқу жылы да бітіп қалайын деп тұр. Біз оған дейін тағы 20 сабақ өткізіп, содан кейін балабақшаға ауысамыз ба деп отырмыз. Біз бесінші кластан бастап он бірінші класқа дейін беріп жатырмыз сабақты.

Абзал ҚҰРМАНКИН