Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда Георгий Трякин-Бухаровтың туындылары шет елдік бәс саудада жоғары бағаланып жүр

  • AstanaTV
  • 01 мамыр 2014
  • 1307

Алматыда бұзылған тұрмыстық техникадан, қарапайым қалдықтардан әлеуметтік һәм саяси астары бар мүсіндер жасайтын қолөнер шебері тұрады.

Георгий Трякин-Бухаровтың туындылары шет елдік бәс саудада жоғары бағаналып жүр. Мәселен, мына еңбегін ол «Кармен» деп атаған. Суретші кептелістен көз ашпайтын Алматыны осылай бейнелеуді жөн санаған. Көк түтінге уланған балаларды автор басты назарға алыпты. Бұл туындысын ол келесі жылы Страсбургте өтетін көрмеге дайындап отыр. Автор кез келген туындысына қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді арқау ету мақсатымның бірі, дейді.

Георгий Трякин-Бухаров, суретші:

Қайта құру кезеңінде елімізге тауардың бәрі шеттен әкелінді. Әсіресе
, Қытайдан. Бәріміз де сол сырттан келген азық-түліктің, басқа да тауардың арқасында күн көрдік десек те болады. Сондықтан, бұл туындыма «Экспансия» деп ат қойдым.

Бұл алматылық суретші Георгий Александровичтің үйі ғана емес, шеберханасы, әрі көрмесі. Туындыларын осы жерде құрастырады. Суретші шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі - мына батырдың мүсіні. Ол оны керексіз көлік саймандарының қалдығынан тұрғызған. Ұзындығы 3 метр. Бірегей еңбегін автор суретші Молдағұл Нарымбетовке арнапты. Жалпы, Бухаровтың қолынан шыққан туындыларының 14-і бүгінге дейін АҚШ, Италия, Үндістан, Германия, Түркия, Сингапур сияқты елдердің көрмесіне қойылып, жоғары баға алған.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ