Русский Сайттың толық нұсқасы

Бірлік мерекесі күні Қарағандыдағы зообақ ашылды

  • AstanaTV
  • 01 мамыр 2014
  • 1612

Бірлік мерекесі күнінде Қарағандыдағы зообаққа келушілер жаңа маусымның ашылу салтанатына тап болды. Зообақты мекен ететін аңдар қазір түгелдей жаздық баспанаға көшірілген. Шахар тұрғындары мен қонақтар жан-жануарларды жаңа туған төлімен қоса тамашалай алады.

Бұғы, тауыс, пони секілді сирек кездесетін аң-құстардың маңына жиналған халықтың қарасы мол. Ал зообақтың айрықша тұрғыны - "Восток" деген есімді иеленген арыстан. Бүгін мұнда қала мектептерінен дарынды балалар жиналды. Олар өз қолымен құстардың кішкентай мүсінін бейнеледі. Қағаздан, тас пен ұлу қабыршағынан жасалған мүсіндер көздің жауын алады. Мұнан бөлек зообақ келушілері атпен серуендеп танымдық ойындар ойнады. Балақайлар өзіне ерекше ұнаған жануардың суретін салудан да бәсекеге түсті. 

Нұрдос Амангелді, байқауға қатысушы:

Бүгінгі мерекемен құттықтаймын баршаңызды, ауырмаңыздар. Жан-жануарларға қарап, оларға тамақ беріп тұрыңыздар дегім келеді. Бұл өте қызық.

Гүлмира Мыңбаева, Қарағанды тұрғыны:

Бүгін ауа-райы да керемет, қала тұрғындарын мерекемен құттықтаймын. Аспанымыз ашық, әрдайым бақыт бола берсін.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА