Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО-ның кен орнында тағы да апат болды

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2014
  • 1008

Шығыс Қазақстан облысындағы кеніштердің бірінде тағы да апат. Бұл жолы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты Юбилейная-Снегирихинский шахтасында төтенше жағдай болып, бір адам опат болды. Кеніштің төбесін бекіту жұмыстары кезінде топырақ опырылып түскен. Осында жұмыс істеп жатқан 3 кенші үйінді астында қалды. Олардың бірі - 30 жастағы азамат оқиға орнында қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді.

Бұған дейінгі жаңалықтарымызда Шығыс Қазақстан облысындағы кеніштердің барлығына тексеру жүргізілетінін айтқан болатынбыз. Прокурорлар Риддер қаласындағы кеніштің опырылып, бір тұрғын үйдің жер астына кету оқиғасынан кейін осындай шешімге келген. Мамандар өңірдегі барлық шахталардың қауіпсіздік жағдайы тексеріледі, деп сендіріп отыр.

Илхам ИБРАГИМ