Русский Сайттың толық нұсқасы

Қашаған жобасына қатысты жаңа операторлар пайда болуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2014
  • 1453

Қашаған жобасында жақын арада жаңа операторлар пайда болуы мүмкін. Бұл туралы қазіргі оператор North Caspian Operating компаниясынан хабарланды.

Қашаған жобасын іске асыру үшін аталған компаниямен Agip және НКПОК компаниялары бірікпек. Ал сарапшылар Қашағанды игеру жекелеген компанияға қиынға соғуда, сондықтан, күш біріктіру мәселесі қарастырылып жатыр деген пікірде. Оның үстіне жобаның құны артқан, ал Қашағанның орналасқан жерін ескерсек, бұл жерден мұнай алу оңай емес, сондықтан да бірігу туралы шешім қабылданған болуы мүмкін, дейді сарапшылар.

Еске салайық, Қашаған мұнайын игеру 2013 жылдың 11 қыркүйегінде басталған еді. Бірақ араға екі апта салып «D аралынан» және «Болашақ» зауытындағы апатқа байланысты мұнай өндірісі тоқтатылды. Қазір мұнда құбырларын толық ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр.

Илхам ИБРАГИМ