Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей Ираннан мұнай сатып алуды бастауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2014
  • 1123

Ресей Иранмен мұнай саласында сауда-саттық қарым-қатынас жұмыстарын орнатуы мүмкін. Жоспарланып отырған келісімнің бағасы 20 млрд долларға бағалануда. Әңгіме тәулігіне 500 мың баррель мұнай тасымалы туралы. Және Ресей тарапы оның құнын ақшамен емес, өзі өндіріп отырған тауар мен құрал-жабдықтармен өтемек. Мәселен, металлургия, машина жасау және энергетика саласындағы өнімдер. Нарықтағы бүгінгі бағаны ескере отырып, Ресей Ираннан 25 млн тонна мұнай алуы мүмкін.

Алайда бұл келісімге АҚШ-тың көңілі толмайтынға ұқсайды. Олар Мәскеу мен Тегеран арасындағы алыс-беріс Иранға қарсы санкциялардың талаптарын бұзуға алып келуі мүмкін, дейді. АҚШ-тың қаржы министрлігі Ресей мен келісімге мүдделі кез келген ұйымды санкциялар жайында ескертіп отыр. Алайда министр Джейкоб Лью нақты шаралар жайында айтпады.

Мамандардың айтуынша, АҚШ-тың алаңдаушылығы бірінші кезекте Иран нарығы үшін күрес болуы әбден мүмкін.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ