Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан әскери шеруге дайын

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2014
  • 837

Астанада 7 мамыр күні өтетін парадқа 2,5 мың әскери қызметші қатысады. Шеруге 80-ге жуық ұшу аппараты мен 250 дана түрлі әскери техника тартылады. Астана әскери парадқа сақадай сай. Бұл туралы ұйымдастырушылар ресми түрде мәлімдеді.

Әскери парад 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні «Қазақ елі» алаңында өтеді. Оған Қорғаныс министрлігінің, ІІМ, ТЖМ және ҰҚК Шекаралық қызметінің парадтық құрылымдары атсалыспақ. Биылғы шеруде көпшілік назарына отандық әскери техника ұсынылмақ. Шеру республикалық телеарналарда тікелей эфирде көрсетіледі.

Илхам ИБРАГИМ