Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде қоғамдық көлікке жол ақысы өсті

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2014
  • 1245

Ақтөбеде қоғамдық көлік билетінің құны өсті. Сыйымдылығы орташа және үлкен автобустарда жол жүру бағасы 55 теңге болды. Ал, шағын автобустардағы билет құны 60 теңге.

Бұрын жолаушылар 45-50 теңге төлеуі қажет еді. Бұл өзгерістер жеңілдіктер қарастырылған топтарды айналып өтті. Нақтырақ айтсақ, студенттер мен оқушылардың жүру ақысы өзгеріссіз қалды. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен зейнеткерлердің белгілі тобы ақысыз жүруге құқылы.

Соңғы рет Ақтөбеде қоғамдық көлік құны 3 жыл бұрын көтерілген болатын. Жолаушы тасымалдаушы «Автопарк» серіктестігі жанар-жағармай мен көліктердің қосалқы бөлшектері қымбаттауына байланысты осындай қадамға баруға мәжбүрміз, дейді.

Мансұр ЕСҚОЖИН