"Астана" телеарнасы бүгінгі Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауынан ақпарат таратуды
жалғастырады. Орталық сайлау комиссиясына өңірлердің белсенділігі туралы келіп
түскен деректер уақыт өткен сайын өзгеруде. Студиямен тікелей байланысқа біздің
арнаулы тілшіміз Айгүл Әдепбай шығуға дайын. Айгүл, сайлау учаскелері қазір
ғана жабылғаны белгілі. Орталық сайлау комиссиясындағы соңғы ақпараттар қандай?
Сайлаушылардың қанша пайызы дауыс берген, ал өзің таңдау жасап үлгердің
бе?
Айгүл
Әдепбай, тілші:
Иә, Оксана,
қайырлы кеш. Үзіліс арасында мен азаматтық міндетімді орындап үлгердім. Бірақ
қай партияға дауыс бергенім, әрине, құпия. Сағат 20:00-де уақыт айырмашылығына
сай, батыс өңірінен өзге аймақтардағы барлық сайлау учаскелері жұмысын тоқтатты.
Сағат кешкі 7-дегі мәліметке сай, сайлаушылардың 75 пайыздан астамы дауыс беріп
үлгерген. Бұл бұған дейінгі өткен Парламент сайлауларында болмаған ең рекордты
көрсеткіш екен. Қазір Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев
мәліметтермен бөлісуге дайын. Марат Алдоңғарұлы, қай өңір алда келе жатыр? Заң
бұзушылықтар, партиялар арасында бір бірін аяқтан шалу үрдістері жайлы ақпарат
тіркелді ме?
Айгүл Әдепбай, тілші:
Рахмет,
ақпаратымен бөліскен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев. Еске
сала кетсем, Мәжіліс сайлауы осымен алтыншы мәрте өтіп отыр. Алты партия
бағын сынауда. Бұл - партиялар ең аз қатысып жатқан саяси дода болып отыр.
Тарихқа үңілсек, 1999 жылғы сайлауға 10 партия қатысқан. 2004 жылы - 12
партия. Ал 2007 және 2012 жылдары 7 партия түскен саяси жарысқа. Ал бұл жолы
төменгі палатадан қанша партия орын алатынын әзірге ешкім болжай алмайды. Барлық
соңғы жаңалық біздің назарымызда. Оксана.
Айгүл,
ал шетелде дауыс беріп жатқан отандастарымыз туралы мәліметтер бар ма?
Айгүл Әдепбай, тілші:
Бар,
Оксана, Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, алғашқылардың бірі болып
Токиодағы қазақстандықтар Астана уақытымен таңғы сағат төртте дауыс берді. Ал
АҚШ пен Канадада науқан әлі жалғасып жатыр. Ол жердегі учаскелер жұмысын біздің
уақытпен сағат бесте бастады. Шетелде барлығы 65 сайлау учаскесі ашылды. Жалпы
өзге мемлекеттерде 14 мыңға жуық Қазақстан азаматы дауыс беріп жатыр. Ал экзит-пулдың алғашқы нәтижесі бүгін сағат түнгі 12-лер шамасында белгілі болып қалуы
мүмкін. Сағат 20.30-да тікелей қосылуға орыс тілді әріптесім Надежда Палинка
шығады. Оксана.
Рахмет,
Айгүл. Орталық сайлау комиссиясынан тікелей қосылған Айгүл Әдепбай
болатын.