Қырғыз-Қытай шекарасында магнитудасы
6,1 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулері Алматы қаласында да
сезілді. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер
сілкінісі 5 мамырға қараған түні сағат 02:23-те болған. Хабарламада жер асты
дүмпулерінің ошағы Алматыдан 288 шақырым қашықтықта орналасқаны айтылады.
Сондай-ақ, оның Алматы қаласында сезілуі шамамен 2-3 баллды құрады.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА