Ерлік ескерусіз қалмайды. "Ұлы Отан
соғысында от кешкен 528 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры жайлы сериал
түсірілмек", - деп хабарлайды «Қазақпарат». Фильмде әр батырдың өмірі мен еңбегі
қамтылады. Бұл игі шараға мемлекеттік органдар
мен мұрағат қызметкерлері көмектеспек. Сондай-ақ әрбір ауыл аймақта батыр атында қанша көше, ауыл бар екені
жайлы ақпар жиналады.
«Генералдар кеңесі» ұйымының басқарма
төрағасы, әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровтың айтуынша, қазір 510 батыр
жайлы мәлімет бар. Бұл жұмысқа жергілікті учаскелік инспекторлар да үлес қосуда.
Айта кетейік, Қазақстаннан майданға 1
млн 200 мыңдай адам аттанды. Оның 600 мыңнан астамы жат жерде қаза тапты.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА