Русский Сайттың толық нұсқасы

Сыртқы істер министрлігінде Азия елдерінің елшілері бас қосты

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2014
  • 935

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің саммитіне дайындық пысықталды. Бүгін Сыртқы істер министрлігінде Азия елдерінің елшілері бас қосып, осы жайды талқылады. Азия елдерінің жиыны 21-22 мамырда Қытайдың Шанхай қаласында өтеді.

Онда қаралатын басты мәселе - бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықтың қамтамасыз етілуі. Кездесуге қатысқан дипломатиялық корпус өкілдері қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі кеңестің рөлін ерекше бағалады. Және бірқатар келелі мәселелерді де атап өтті. 

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Мәселе өте көп. Саяси қауіпсіздік, экономикалық ынтымақтастық, гуманитарлық және мәдени, экологиялық сұрақтар мен, ең бастысы, қауіпсіздікке қатысты барлық сұрақтар кеңестің күн тәртібінде тұр. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің көздегені - бейбітшілік және татулық бойынша келісім.

Омер Бурхан Тузел, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:

Мен кеңестің негізін қалаушы Президент Назарбаевтің сөздерін еске салғым келеді. Ол экономика, саяси және әскери салаларды нығайтып, Азиядағы қауіпсіздікті арттыруға ден қою керек деген болатын. Қазір мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Қауіпсіздік - басты мәселе.

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру идеясы БҰҰ Бас ассамблеясының 47-сессиясында ұсынылған. Бұл бастаманы Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы көтерді. Ал бүгінде кеңеске 24 ел мүше болып табылады. Айта кетелігі, жиынға қатысқан елшілер кеңес хатшылығын Алматыдан Астанаға көшіру керек деген ұсынысын білдірді. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ