Өрт қауіпсіздігін бүлдіршіндер де
білуі тиіс. Елордалық өрт сөндірушілер былдырлаған балғындармен кездесті. Онда
сәбилерге тілсіз жаумен күрес, оның алдын алу жолдары түсіндірілді. Тұрмыстық,
техникалық заттарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік те сөз болды. Өрт сөндірушілер
дәрісінен соң, балақайлар айрықша мамандықтың қыр-сырына да қанықты.
Есен Байыров, Астана қ. төтенше
жағдайлар департаменті Есіл аудандық басқармасының бастығы:
Жасөспірім балаларды, жас кезінен
бастайды дейді ғой, осы жас кезінен өрт сөндіру ережелерін сақтауға, өртті
болдырмауға, әрқашан да өрт болған жағдайда, қай жерге, қандай телефон соғуға үйретіп жатырмыз.
Балалар өрт
сөндірушілердің сұрақтарына жауап беріп, білімдерін көрсетті. Кейін шағын
концерт ұйымдастырып, тәтті сыйлықтар алды. Айта өтейік, төтенше жағдайлар
департаменті жаздың соңына дейін елорданың барлық білім беру мекемесін аралап,
өртке қарсы қауіпсіздік шараларын түсіндіруді мақсат етіп отыр.
Гүлназ Сапарбаева, «Алтын бесік -
Астана» балабақшасының меңгерушісі:
Төтенше жағдайлар басқармасы
қолдап, үлкен көмек көрсетті. Келіп, мына балалаларға өте қызықты болды. Өз
көздерімен бәрін көріп, өрт сөндірушілердің қалай жұмыс істейтіні жайлы
мәліметтер алды.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА