Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 75 жастағы әжей Бадам өзеніне секіріп кетті

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2014
  • 1323

Шымкентте 75 жастағы әжей Бадам өзеніне секіріп кетті. Абырой болғанда,  ағып бара жатқан кейуананы сол сәтте кезекшілікте жүрген жол-патрульдік полиция қызметкері құтқарып қалды.

Жаңабай Жарасов, Шымкент қаласы ІІД жол-патрульдік полиция полкінің взвод командирі:

Тез келіп жеткен кезімізде судың ортасында ағып бара жатқан әйелді көрдім. Киімімді тез арада жартылай шешіп сүңгіп алып шықтым. Жасөспірімдер көмектесті.

Амир Рүстемов, куәгер:

Жүзіп келді мына жаққа. Шақырдық шық-шық дедік. Жоқ өлуге келдім деді. Біз звондап көмек шақырдық. Милиция келді, мына кісі құтқарды.

Оқиға демалыс күндері түнгі мезгілде болған. Куәгерлер белгісіз әйел адамның  суға секіріп кеткенін байқап қалады. Жедел жеткен полиция қызметкері батып бара жатқан қарияны жағаға алып шыққан.

Белгілі болғанындай, өзін өлімге қимақ болған әйел 1939 жылы туылған қала тұрғыны. Алайда қария өзінің не себепті мұндай қадамға барғанын айтқысы келмеді. Жедел-жәрдем қызметінің алғашқы медициналық көмегінен соң кейуананы туыстары үйіне алып кеткен.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ