Русский Сайттың толық нұсқасы

Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі денсаулыққа қауіпті өнімдерді елге әкелуге тиым салды

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2014
  • 1036

Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі Австралиядан келетін сиыр еті мен «Чечил» ысталған ірімшігін, Ресей паштеті және Перу жүзімін елге әкелуге тиым салды. Эпидемиологтар Австралия сиыр етінен адам денсаулығына қауіпті «тренболон ацетат» препаратын тапқан. Ірі қараның бұлшық етін өсіру үшін қолданылатын дәрі адам ағзасына түскесін қан қысымын арттырып, ұйқыны қашырады. Жүйке жүйесіне әсер етіп,  шаштың түсуіне әкеп соғуы мүмкін.

Агенттік сонымен қатар Адыгей республикасынан келетін ысталған ірімшік пен Ресей паштетіне тиым салды. Мамандардың айтуынша, олар Кеден одағының техникалық талаптарына сай емес.  Перу жүзіміне де шектеу қойылды. Оның құрамынан көп мөлшерде «метомил» химиялық препараты табылған.

Бірқатар елдердің алкогольдік өнімдерінің кіргізілуіне және сатылымына уақытша тиым салынады. Өйткені нарықты Италия, Франция, Шотландия, Ресей және Беларусь елдерінің Ұлттық заңдылыққа және Кеден одағының техникалық тәртібіне жауап бермейтін спирттік өнімдері жаулап алған. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ