Русский Сайттың толық нұсқасы

Енді Қазақстанда жалған ақпарат таратқан азаматтар түрмеге қамалады

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2014
  • 1218

Бүгіннен бастап Қазақстанда жалған ақпарат таратқандар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Шындыққа жанаспайтын, арандату пиғылында қасақана таратылған ақпаратпен елді аяғынан тік тұрғызғандарды қатаң жазалау туралы Қылмыстық кодекске еңгізілген өзгерістер 6 мамырдан күшіне енді.

Енді заңның 242-бабы 1-тармағы бойынша, жалған хабар соңы қоғамдық тәртіптің бұзылуына, сондай-ақ азаматтардың заңды құқықтарының тапталуына әкеп соққан жағдайда жалған ақпарат таратушыға мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе ол тиесілі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Айта кетейік, ақпанда еліміздің бірнеше банкі банкрот болады деген ақпарат тараған болатын. Осыдан кейін Бас прокуратура жалған ақпарат таратқандар үшін жаза күшейтілуі тиіс деген ұсыныс жасады.

Жұрағат БАМАН