Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев: Ғарышқа қазақтың ұшуы міндетті емес, қазақстандық болса болғаны

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2014
  • 2568

«Ғарышқа қазақтың ұшуы міндетті емес, қазақстандық болса болғаны». Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев осылай деді. «Ал Қазақстан азаматы үш жылдан кейін ғарышқа ұшады», - деді ол. Өйткені «Бұл міндетті іске асыру оңай емес. Себебі дәл қазір орбитада ресейлік «Мир» стансасы емес, халықаралық ғарыш стансасы жұмыс істеп жатыр», - дейді төраға.

Бұл дегені, бұрынғыдай ғарышқа кімнің ұшатыны Ресей ғана шешпейді. Еуропа, АҚШ, Ресей, Жапония, Канада сияқты 20-ға жуық мемлекеттің рұқсаты керек екен.

Талғат Мұсабаев, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы:

Біз Қазақстан республикасының азаматы ұшады деп үміттендік, міндетті түрде қазақ емес, Мұсабаев немесе Мырқымбаев емес, ең бастысы, Қазақстан республикасының азаматы болуы тиіс. Түсінікті
ме?

Жұрағат БАМАН