«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының
жұмысшылары қысқартуға ұшырамақ. Алпауыт
зауыт басшылығы биылғы жылы бір мың еңбеккерді қысқартуды жоспарлап отырғанын
хабарлады. Олардың тең жартысы аутсорсинг әдісіне ауысады. Ал 486 адам өз
еркімен жұмыстан босатылады. Бұл туралы «Арселор Миттал
Теміртаудың» еңбек ресурстары жөніндегі директоры Дмитрий Павлов
мәлімдеді.
Оның сөзінше, қазірдің өзінде 250 адам
өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазып қойған. Ал жыл басынан 150 жұмысшы жұмыстан шығарылған.
Айта өтейік, соңғы жылы «Арселор
Миттал» компаниясы Бельгия мен Францияда бірнеше зауыттарын жабуға мәжбүр
болды.
Илхам ИБРАГИМ