Bank of America Corporation өз
акцияларын қазақстандық қор биржасына саудаға шығарды. Қазір америкалық банк акцияларының сатылымы жүріп жатыр.
Бірақ алғашқы күні сауда қарқыны тым төмен болған.
Қазақстандықтар Bank of America
акцияларына қызығушылық танытпаса керек. Дегенмен, мамандар бұл қор
биржасындағы мерекелік демалыстарға байланысты болған жағдай, дейді. Бүгіннен бастап сауда-саттық көлемінің ұлғаюына дайындалып
жатқанға ұқсайды. Сатылымның бірінші күнінде әрқайсысы 2 млн-нан астам теңге
болған 67 акциясы жаңа иесін тапқан.
Илхам ИБРАГИМ