Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысындағы поездың апатына қатысты тың деректер

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2014
  • 2074

Шымкентте жүк пойызының апатынан жарамсыз болып қалған шойын жолдың бір бағыты қалпына келтірілді. Күндізгі сағат 11-лер шамасында жолда қалған пойыздардың алғашқы легі өткізіле бастады.

«Қазақстан Темір Жолы» компаниясының ресми дерегіне сенсек, 10 жолаушы поезды діттеген жеріне жете алмай қалған. Осы оқиғаға байланысты Шымкент көлік прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.Әзірге апаттың нақты себебі айтылмай отыр.

Еске салайық, 58 вагоны бар жүк пойызы кеше кешкісін аударылып қалды. 29 вагон жолдан шығып кеткен. Салдарынан күкірт қышқылы тиелген 8 цистернаның үшеуіне зақым келді. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланған болатын. Қауіпті аймақта заласыздандыру жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Сәкен Қаныбеков, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

Төбесі толығымен жабылады. Одан кейін ешқандай иісі де болмайды. Оны әрі қарай оны қай жаққа апаратыны қазіргі уақытта шешіп жатырмыз.
Себебі, оны тек бекітілген жерге апаруға болады. Соған байланысты бұл жұмыстар қазір атқарылып жатыр. Қазірге апаттың қандай да бір себептен орын алғаны? Оны қазір ешкім айта алмайды. Себебі, оның бәрін анықтайтын өзі комиссиясы бар. Анықталған кезінде бәрі айтылады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ