Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы көшелерінде жарысқан автобус жүргізушілері жұмыстан қуылды

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2014
  • 1089

Алматыда көшенің қарсы бағытына шығып алып жарысқан автобус жүргізушілері жұмыстан босатылды. Енді жол ережесін бұзған үшін олардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Еске салайық, Алматыда жолаушыға толы қос бірдей автобус жолда жарысып, бағдаршамды да елемеген. Бұл көріністі куәгерлердің бірі бейнежазбаға түсіріп алып, жариялаған еді. 23 секундтық видеодан №67 бағыттағы автобустың бірнеше көлікті айналып өтіп, қарсы бағытқа шығып кеткенін көруге болады. Оған қоса, бағдаршамның қызыл жарығына аялдаған жоқ. Оның артынан тағы бір автобус та солай жүйткіп келіп, бағдаршамнан өтіп кетеді.

Мұндай жағдай келесіде қайталанбау үшін, сондай-ақ өзгелерге сабақ болу үшін жүргізушілерге осындай шара қолданылған.

Жұрағат БАМАН