Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай Африка елдеріне қаржылай қолдау көрсетпекші

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2014
  • 1171

Қытай Африка елдерімен қаржы саласы бойынша қарым-қатынасты дамыта түспек. Бұл туралы Қытай халық республикасының мемлекеттік кеңес премьері мәлімдеді.

Енді аспан асты елі Африка мемлекеттерін несиелендірудің мөлшерін 10 миллиардтан 30 миллиардқа ұлғайтты. Сондай-ақ, Ли Кэцян, қытай тарапы кіші және орта бизнесті қолдап, бірлескен қорлар ашуға әзір екендігін айтты.

Бүгінде аспан асты елімен 50-ден астам Африка елдері тығыз қарым-қатынас орнатқан. Осыған байланысты бірқатар батыс мемлекеттері алаңдаушылық білдіруде. Олардың пікірінше, Бейжіңнің белсенділігін «экономикалық экспансиямен» салыстыруға болады.

Жұрағат БАМАН