Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада Отан қорғаушылар күніне орай әскери шеру өтті

  • AstanaTV
  • 07 мамыр 2014
  • 1971

«Қазақ елі» алаңында Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Отан қорғаушылар күніне» орайластырылған ҚР Қарулы күштерінің әскери шеруі остан бірер минуттан бұрын аяқталды.

Биылғы шерудің жаяу легіне 2 мыңға жуық әскери, оның ішінде Қарулы күштер жеке құрамынан 1500 адам қатысты. Механикаландырылған колоннадағы әскери техника саны 250 бірлікті және жеке құрамда 566 адамды құрайды. Сондай-ақ парадқа 56-ға жуық авиация техникасы тартылды. Биылғы шерудің басты мақсаты - отандық қорғаныстағы жаңа қару мен әскери техниканы паш ету. Олардың бірқатары еліміздің қорғаныс-өндірістік кәсіпорын кешендерінде жасалған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, ҚР Қарулы күштерінің Бас Қолбасшысы:

Армысыздар әскерлер! Отан қорғаушылар мерекесі құтты болсын! Құрметті 
отандастар, офицерлер мен сарбаздар. 22 жыл бұрын дәл осы күні мен ҚР ҚК құру туралы жарлығына қол қойдым. Содан бері бұл күн Қазақстан армиясы күні болып мерекеленеді. Ата-бабаларымыз кейінгі ұрпаққа, дәуірлерге жалғасқан даңқ жолын, ерлік қасиетін бізге мирас етті. Біздің бүгінгі армиямыз - тарихымыздағы батыр бабалардың мұрагері.

Салтанатты шеруді Халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» Республикалық мектебінің барабаншылары бастады. Ауқымды іс-шараға Қорғаныс министрлігінен бөлек Ішкі істер, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Ұлттық гвардиясы жұмылдырылды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ