Русский Сайттың толық нұсқасы

«Самұрық - Қазына» қоры Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жарты миллиард теңге бөлмек

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2014
  • 1132

«Самұрық - Қазына» қоры Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жарты миллиард теңге бөлмек. Бұл қаражат Қазақстан ардагерлерi кеңесiнiң әзірлеген бағдарламасына сай жұмсалады.  Бүгін  «Ардагерлер ұйымы» қор басшылығымен арнайы кездесіп, алдағы жоспарымен бөлісті. 

Iс-шараға вице-премьер Гүлшара Әбдiхалықова да қатысты. Ардагерлер ұйымы ақшаны әлеуметтік және мәдени шаралар өткізуге жұмсамақ. Алайда қор басшылығы бұл сома өзгеруі мүмкін дейді. Өйткені  кеңес мүшелері  нақты қанша қаржы қажет екенін айтқан жоқ. "Сондай-ақ соғыс ардагерлерінің жалпы жағдайын анықтап, әлеуметтік карта жасауымыз керек", - дейді «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры  Дархан Қалетаев. Кейін әрбіріне қаржылай қолдау жасаймыз деп қосты ол.

Айта өтейік, бүгiнде елiмiзде шамамен алты мың үш жүздей  Ұлы Отан соғысының ардагерi бар.  

Дархан Қалетаев, «Самұрық-Қазына» ҰӘА қорының басқарушы директоры:

Көптеген шаралар өткіземіз. Мәдени шаралар, біздің ағаларымыздың кітаптарын шығару, әрі қарай сол жұмыстарын жалғастыруға мақсаттанып отырмыз.

Өмірзақ Озғанбаев, ҚР ардагерлер ұйымы  орталық кеңесінің төрағасы:

Біз қазір «Нұр Отан» партиясымен бірлікте тағы бір меморандумға қол қойдық. Бұл бойынша әрбір ардагерге жеке дара партияның бір мүшесін бекітіліп беріп, олар материалдық-моральдық көмек көрсетумен тікелей айналысып жатыр. Сондықтан біздің елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар - бұл үлкен жұмыстың басы. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай бұл жұмыстар жаңа қарқын алады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА