Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавл іргесіндегі Заречный кентінде тасқыннан кейінгі ахуал түзеле бастады

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2014
  • 1164

Петропавл іргесіндегі Заречный кентінде тасқыннан кейінгі ахуал түзеле бастады. Қауіп сейіліп тұрғындардың да еңсесі көтеріліп келеді. Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының хабарлауынша, Есіл өзенінің деңгейі төмендей бастаған.

Дегенмен құтқарушылар ауыл аймақты әлі де күзетіп жүр. Олар күн сайын жергілікті тұрғындарды су басып қалған жолмен жүк көліктері арқылы өткізуге кірісті. Айта кету керек, әзірге 37 аула мен 2 жер үй тасыған судың астында қалды. "Жақын арада өзен суы тартылып, жағдай оңалады", - дейді төтенше жағдай қызметкерлері.

Евгений Обухов, СҚО ТЖД жедел штабтың мүшесі:

Бір тәулік ішінде судың деңгейі 6 сантиметрге төмендеді. Арнайы топтар әлі де жұмыс істеп жатыр. Бүгін тек түске дейін құтқарушылар арнайы көліктің көмегімен Заречный кентінде 51 адамға, ал Прибрежное ауылында 59 адамға көмектесті. Жағдай әбден тұрақталғанша, біз бұл жерден кетпейміз.

Абзал ҚҰРМАНКИН